Өрт қауіпсіздігінің алдын алайық
Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, аудан аумағындағы тұрғын үйлерде және жапсарлас орналасқан мейрамханалар мен дәмханаларда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ тұрмыстық газ баллондарын пайдалану қағидалары бойынша профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындар мен кәсіпкерлік нысандарының иелеріне өрттің туындау себептері, оны болдырмау жолдары, өрт шыққан жағдайда атқарылатын алғашқы іс-қимылдар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, газ баллондарын арнайы белгіленген орындарда орналастыру, олардың техникалық жарамдылығын тұрақты түрде тексеріп отыру қажеттілігі түсіндірілді.
Аталған профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен мүлкін өрттен қорғау болып табылады. Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және тұрмыстық газ жабдықтарын пайдалану кезінде жауапкершілік танытуға шақырды.
«Sarysý»-АҚПАРАТ