ВЕЛОFEST– САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Орталық алаңда аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес» күніне орай «ВелоFest – салауатты өмір салты» атты веложарысы өтті. Жарысқа спортты жанына серік еткен жас велошабандоздар қатысты.
Жарыстың ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов құттықтау сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын қалыптастыруда мұндай шаралардың керектігін айтты. Мұнан соң Сарысу ауданы бойынша ПБ-нің бастығы Ринат Оразбайұлы да сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша 1 – орынды Төрехан Нұрасыл, 2 – орынды Ерғаш Диар, 3 – орынды Сердалы Досымжан, 4 – орынды Жолдасбек Беделхан және 5 – орынды Аймахан Мейірхан жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Жастар ресурстық орталығы