Журналистер күнімен

0

Журналистер қоғам үшін бағалы жан,
Танбайтын таудай болған талабынан.
Алай — дүлей дауылдардың арасында,
Талай — талай дүние туған қаламынан.

Қоғамға шамшырақты жағып берген,
Төбедегі мәселені анық көрген.
Халық пен билікке мол дәнекер боп,
Берік алтын көпірді салып берген.

Алуан түрлі ақпарды жүйеледі,
Әділдік пен ақиқатқа сүйенеді.
Төрден орын алатын тек әрдайым,
Төртінші биліктің иелері.

Оқырманға тағылымды ой арнаған,
Байыпты әңгімені баяндаған.
Журналистің қашан да еңбегі ерен,
Ақпараттың майданында аянбаған.

Өзгеше болған дәйім ой толғауы,
Журналистің көп қой елге айтарлары.
Кәсіби мереке бұл құтты болсын,
Баспасөз бен газеттің майталманы!

Самат ТОҚБАНОВ, ақын

Leave A Reply

Your email address will not be published.