Жеңіс Шыныбеков- 80 жаста
Жеңіс Шыныбекұлы 1946 жылы маусым айында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Калинин атындағы кеңшарда дүниеге келген.1963 жылы мектепті бітірген соң Төменгі Шу бойында, Бетпақдалада әкесінің қарамағында жылқы бағады.1966 жылы «Жалын» журналы жариялаған жабық бәйгеде «Кербала» повесі жүлдеге ие болады.Сол жылы Зейнолла Қабдолов, Сафуан Шаймерденовтің қолдауымен Қаз-МУ-дің журналистика факультетіне оқуға түседі.1972 жылдан 1996 жылға дейін аудандық газетте ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.1974 жылы КСРО Журналистика одағының мүшесіне қабылданады.2001 жылдан Республикалық «Айқын» газетінде, 2005 жылдан өмірінің соңғы уақытына дейін «Алматы Ақшамы» газетінде жемісті еңбек етті.
«Қазақстанның Құрметті Журналисі» мәртебесіне ие болды. «Қарамерген», «Кербала» кітаптарының авторы. Енді міне, «Ажалсыз Аждаһа» туындысы жарық көріп отыр.
Саналы ғұмырын баспасөзге арнаған журналист әрі жазушы Жеңіс Шыныбекұлы 2022 жылы қаңтар айында дүниеден өтті.Көзі тірі болғанда биыл яғни, 2026 жылы маусымда 80 жасқа толар еді.