Шомылғанда абай бол
Саудакент ауылында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты ауыл жастарына қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Мақсаты: Жазғы шомылу маусымы кезінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіру, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, адам өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шараға өрт сөндіру бекетінің қызметкері қатысып, тұрғындарға су айдындарында демалу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік талаптары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында ересектердің қарауынсыз суға түспеу, арнайы рұқсат етілмеген орындарда шомылмау, су жағасында ойнау кезінде абай болу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу, алғашқы көмек көрсету және қауіпті жағдай туындаған кезде тиісті қызметтерге жедел хабарласу тәртібі айтылды.
Түсіндірме жұмыстары барысында жадынамалар таратылып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.