Жастар-қоғамның қозғаушы күші

0

Ағымдағы жылдың 11 маусымы күні Өндіріс ауылдық округіндегі «Acoustic Vibe» атты акустикалық кеш өтті.

Кештің мақсаты: Ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлау, достық қарым-қатынасты насихаттау.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тірегі. Әрбір жастың арманы мен мақсаты, білімі мен талабы – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.
Кешті М.Тұрысбек «Алға, қазақ жастары» әнімен бастады. Ауылдың өлең-жырға құмар жастары лирикалық поэзия оқыды. Атап айтар болсақ, Ж.Саян М.Шахановтың шығармашылығынан өлеңдерін тамылжыта оқыды.
Ары қарай Н.Сұлтан «Ерке сылқым», «Нар ағашы», Е.Жетпісбай «Тепең көк», Б.Түркістан домбыраның асқақ үнімен күй шертті.
Сондай-ақ, «Шұбат», «Бауырсақ» fest ұйымдастырылды. Жастар ерекше зор ниетпен қатысып, жеңімпаздар ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Көтеріңкі мәнге ие бұл ашық аспан астындағы кеш баршаның көңілінен шықты.
Кешіміз жастардың күш-қуатын, өнерін және армандарын дәріптеуге арналды.

Жастар ресурстық орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.