Сарысуым, мақтан, өмірі дастан ұлыңа! Қазақстанның Еңбек Ері, жерлесіміз Илья Жақановтың 90 жасына арнаймын

0

Келгенде сәби дүниеге мынау іңгәләп,
Бірлескен қауым күй кешті ауыл бір ғажап.
Табиғат тылсым бөленді әсем күйге бір,
Ерекше белгі көрсетіп сәуле нұр тарап.

Болатын дара нышанды бала келді деп,
Бақ таңы атып ауылға бақыт енді деп.
Ақылы дария қуанды кәрия ескі көз,
Жүрегі толқып толғана айтты елжіреп.

Ат қойды оған ауылда бұрын болмаған,
Жаратқан Ием көкейге салып қолдаған.
Илья деді шарана аты толғанып,
Қуанып ел- жұрт ауыл боп бүкіл тойлаған.

Уақыт кешіп жылменен өсіп жетілді,
Биікке ұстар өзіне лайық есімді.
Салмақты мінез бойынан тауып жарасым,
Әр ісі оңды, әр сөзі болды өтімді.

Маңғаздық көркем мінезбен біте қайнасып,
Ақжарма көңіл сабыр мен төзім жан нәсіп.
Сыйлады ғұмыр ерекше бітім болмыс,
Байызын тауып төріне жүрек жайғасып.

Оқудың бәрін мейлінше жақсы бітіріп,
Серік боп Қыдыр көңілдің құсын ұшырып.
Санаға енді бағытын берді баратын,
Саралар ойын таңдаудың жолын ұсынып.

Сан –сала өнер ұғымы терең тұңғиық,
Көрсетіп жолды ақылға ойлы сыр құйып.
Қозғау сап жанға, жетелеп алға жол бастап,
Болашақ кешен шақырды мекен құндылық.

Ән құсы қонып көңілдің ашып сарайын,
Тосыннан кенет әуенге бөлеп маңайын.
Басталды өмір жүректің төрін жаулаған,
Аңсары жанның ұсынған әннің баянын.

Ән туды талай жан сырын ашар әуенмен,
Әуезбен сиқыр үндесіп тылсым әлеммен.
Толқыды адам, тербелді дала мүлгіген,
Сағына күткен аңсаған іздеп әуелден.

Ән болып кетті тау, дала, бүкіл табиғат,
Беріліп әнге жандары ұйып дамылдап.
Әуенді қимай береді тыңдай бергісі,
Іздеген аңсап, сағынған жаны қабылдап.

Қырғыздың Шыңғыс ұлтының болған маңдайы,
Секілді ақ таң айшықтап таққан айдары.
Асып бір шектен әлемге кеткен атағы,
Ой түйін дәйек, сөздері мәйек жан нәрі.

Ғашықтық жырын, жүректің нұрын сыйлаған,
Жан бітіп сөзге, сезім боп іңкәр тулаған.
Әніңе қосып, ғашықтар жанын тербетті,
Жан сырын төккен махаббат түнін қимаған.

Әнменен жалғап, екі елге болып дәнекер,
Салып бір арна самал боп жанға ән есер.
Атағын алды қырғызға еңбек сіңірген,
Сыйлап бір ән-жыр, үмітпен әркім дәметер.

Ерекше тарих сөз дауа болған қозғауы,
Сезімге толып толқиды адам ой жаны.
Болып бір сиқыр Жайлаукөл тылсым кештері,
Жастарды жиған байлыққа тұнған қойнауы.

Сұранып келген студент жастар легімен,
Сөз баурап жанды аптыққан жастық демімен.
Сардала дархан көсіліп жатқан көлбеңдеп,
Андыздап ұшқан шыбын мен шіркей көлінен.

Ән жазған әсем сезім боп жанға жайлаған,
Сөз дауа көңіл жүректі төрін жаулаған.
Әні мен сөзі толқытып жастар жүрегін,
Билеп ап еркін күшімен тылсым баураған.

Талауға түскен тарихтың көзін көзеген,
Ойсыздық дерттің себебін ашып елеген.
Халықтың әні дәнегін нәрлі аршып ап,
Ізденіп тынбай, нақтылап жазды дерегін.
Иесін тапты, жүйесін ашты зерттеудің,
Жөнімен шешіп, жолдарын кесіп сертке мін.
Кітаптар жазды, кейіпін ашып жақсылар,
Өренін шыңдап ұрпаққа сыйлап екпе нұр.

Өмірдің мәні ізденімпаз әрі тынымсыз,
Істері жарқын қалдырған айқын ғұмырлы із.
Бойына тұнған күш –қуат, ақыл парасат,
Санамыз ұққан естиміз шыққан үнін біз.

Бір сырлы болған көрінген сегіз қырынан,
Еңбекпен шырай жинаған тынбай ғұмыр нәр.
Сіңірген бойға әр ісі үлгі-өнеге,
Ұлтының қазақ мақтаны болып туылған.

Көреген абыз, ақсақал дана ел сүйген,
Болатын нақыл маржандай асыл сөз түйген.
Көңілі жайсаң, пейілі дархан даладай,
Іс болар оңды, көрсетіп жолды жөн білген.

Ел басшы болған болашақ жайын бағамдар,
Елінің туған ертеңін ойлап алаңдар.
Маңғыстау мекен тарихы көнбе мұра ол,
Дайындап сыйын, зерттесе сырын баяндар.

Салды ғой қолқа көңілдің ашып айнасын,
Өзіне қанық зерделеп халық пайдасын.
Шежіре тұнған Атырау, Ақтау арасы,
Ашылар елге күтіп тұр зерттеу жалғасын.

Танымы терең, ақылы кемел, абыз жан,
Тіреуі ой-жан, сүйеуі болған ар-иман.
Келісім беріп, аударды қоныс жөнімен,
Жан-жақты болып халқыма туған танылған.

Қарсы алды ел-жұрт береке елге келді деп,
Сағына күткен баянды бақ кеп енді деп.
Тарих боп қалар қолға алды зерттеу жұмысын,
Жан-тінін сала жүрекпен таза елжіреп.

Ұмыт боп қалған жыраулар сөзі табылып,
Қуат боп жанға жетелеп алға ақ үміт.
Ұрпаққа мұра мүлгіген тарих үн қатты,
Жәдігер болып қалатын көзі қанығып.

Ойлантып елді шежіре шерлі сөйледі,
Ой толғам жосық тарихтың болып жөргегі.
Серпілді адам өтпелі заман тіл қатып,
Жүрекке еніп ағылып келіп сөз легі.

Оқуға түсті сурет болған саласы,
Өсірер бағын кеңейді таным аясы.
Түрлентіп салды табиғат әсем күйге еніп,
Көншітіп көңіл өнердің артып бағасы.

Алланың берген сыйы ғой бір сыр ғажайып,
Ел болып көрген өмірге енген жаңалық.
Шаршамай, талмай тоқсанға келді торқалы,
Абыз боп абзал бейнеге еніп даралық.

Отаны берді Еңбектің Ері атағын,
Ел көрген дана толтырып дара қатарын.
Жұлдыз боп жанған күтіп тұр алдан жаңа асу,
Болатын қабыл сөздері әрбір баталы.

Тұлғасың дара биіктік, кеңдік өлшемі,
Өмірдің айдын тарихтың тағылым желкені.
Өзіңсің бүкіл қазақтың туған баласы,
Дайындап тұғыр қарсы алар бүгін кең төрі.

Сарысуым, мақтан, өмірі дастан ұлыңа,
Ай болып туып, күніңдей шашқан шұғыла.
Жаратқан ием бір Алла өзі жар болып,
Ғасырмен құрдас бөленсін жүз жас сыйына.

Болсыншы құтты тоқсан жас тойдың толғауы,
Бақ болып қонған Алланың болған жолдауы.
Той-думан дүбір ұлтымыз шаттық күйге енді,
Жан сая болды табиғат ана қойнауы.
Бұндай той думан бұрынды соңды болмаған,
Ел болған азат серпілді қазақ ой жаны.

Рәтбек қажы Сүлейменұлы,
Саудакент ауылы
17 мамыр 2026 жыл

Leave A Reply

Your email address will not be published.