артық білім кітапта…

0

Облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы «Әулиеата -кітап оқитын өңір” жобасын ұсынып, бастама көтеруіне орай, Жаңаталап ауылдық кітапханасы мен әкімшілік жүйесі бірлесіп, әрбір тұрғынның рухани әлемін байытып, жас­тарды ізденіске, ойлау мәдениетіне баулыған, ой-өрісін кеңейткен, әдебиет әлеміне жол ашқан бастама екенін таныту мақсатында жеребе бойынша Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Шырын Мамасерікованың 80 жасқа толуына “Әулиеата -кітап оқитын өңір” жобасы аясында «Өлең құсы биікте самғаған ақын» атты поэзия кешін өткізді.
Кеште ауыл әкімі Нұрхан Ақмағанбетов ақынның өмір жолынан айтып, шараны ашып берсе, бөлім маманы Қален Мұхитдинов ауыл тұрғындарының қатысуына атсалысты. Кітапхана оқырманы Ақмерей Дайыр К.Ахметованың «Өзі-жібек, өлеңі-өткір ақын» арнауын оқып, жырдан шашу шашты. «Шуағы мол жырлар» бөлімінде Сатова Асылай, Құзар Ерсайын, Нұраш Нұрай, Иманғали Бақытжан «Құдірет», «Тәуелсіздік баға жетпес байлығым», «Жер-ана», «Ұлы Жамбыл поэзия алыбы», «Әз Жәнібек», «Елге деген махаббат» тағы басқа ақын өлеңдерін оқыды.
Өлең әлеміне деген құштарлығы артқан балалық шағы кезінен «Сары уыз саумал жыр» көрініс ұсынылды. Өнер мектебінің жетекшісі Құрманбекова Жанар шәкірттерімен «Балбырауын», Оразбек Фариза «Келіншек» күйлерін тарту етсе, кітап көрмесімен кітапхана қызметкері таныстырып өтті. «Ақын келбеті» бөлімінде Шырын ақын кешті ұйымдастырушылар мен Жаңаталап ауылының тұрғындарына жетістік тілеп онлайн арқылы зор ықыласымен рахметін айтып, шығармашылық кезіндегі есте қаларлық оқиғаларымен бөлісті.

Гүлжан ҚОЙЛЫБЕКОВА, Жаңаталап ауылдық кітапханасының қызметкері

Leave A Reply

Your email address will not be published.