Әйел адам құрметті

0

Қыз келіншек аналар,
Ардақты да даналар.
Құтты болсын мереке,
Құрметті етіп бағалар.

Жан дүниесі нәп-нәзік,
Ару елдің анасы.
Тербетуге әлемді,
Жетеді барлық шамасы.

Әйел заты жүректі,
Болмаса да білекті.
Қатты жақсы көреді,
Жылы сөз тәтті тілекті.

Әйел, ару сыйлы адам,
Бойына жылу жинаған.
Өз тағдырын еріне,
Жан тәнімен сыйлаған.

Әйел адам құрметті,
Ардақты да арулы.
Түсірмесін ешкімде,
Көңіліне қаяуды.

Әйел Отан отбасын,
Құрап тұрған береке.
Бір күн емес оларға,
Күнде болсын мереке.

Нәзік жанды арулар,
Гүлдің нағыз егесі.
Мейрам сайын гүл сыйла,
Өрге жүзсін кемесі.

Артық болмас тәтті де,
Сыйлап қою міндетің.
Жылы-жылы сөйлесең,
Жарқырайды күнбе-күн.

Бүгін ғажап мереке,
Аруларға гүл сыйла.
Барлық нәзік жандылар,
Лайықты бұл сыйға.

Құрметті де ардақты,
Нәзік жанды арулар.
Құттықтап тұр сіздерді,
Жүректен шыққан жазулар.

Берікбек ЕСМҰРЗАЕВ, Жаңатас қаласы

Leave A Reply

Your email address will not be published.