Пейілі дархан қазағым!

0

Пейілі дархан бай халық,
Бәйтеректей жайқалып.
Өсіп, өніп келеміз,
Ел едік жәй тайпалық,

Ата бабам қорғаған,
Жеріміз кең, баршылық.
Өмір сүріп келеміз,
Көрген жоқпыз таршылық

Қонақ келсе құшағын
Кеңге жайған халықпыз
Мінезі жайсаң еңбекқор
Қазақ деген алыппыз

Жеке дара бөлінбей
Араластық өзге елмен
Тату-тәтті тұрамыз
Ештеңе жоқ өзгерген

Барлығымыз бір елде
Ғұмыр кешіп келеміз
Өзге ұлтпен, жанымыз
Бір секілді денеміз.

Ұлтаралық татулық
Жұрт қалаған басты арман
Алаламай ешкімді
Басшымыз әділ басқарған.
Барлық ұлттың өкілі
Біздің елде топтасқан
Кездеріміз болған жоқ
Жазатайым шоқ басқан

Ынтымақ, достық, татулық
Бірлік елдің ұраны
Ұлтжанды қазақ халқымыз
Бауырмашыл да қырағы

Дәстүр менен салтымыз
Тіл, дініміз сақталған
Паналатып өзге ұлтты
Қазақ жұрты мақталған

Салт, дәстүрін өзге ұлттың
Құрметтеген халқымыз
Мақтауға да лайық
Елміз ғой осы жалпы біз.

Жасасын достық, ынтымақ
Бірлік күні елімнің
Абыройын асқақтат
Туған өлкем, жерімнің

Берікбек Есмұрзаев,
Жаңатас қаласы

Leave A Reply

Your email address will not be published.