АУДАННЫҢ 1551 БОЗДАҒЫ СОҒЫСТА ОПАТ БОЛДЫ
Өткен тарихтың қатпар – қатпар парағын ақтарсақ, зерделей үңілсеңіз адам баласы бірде – бір ғасырда соғыссыз, бейбіт тыныштықта өткізбепті. Дөңгеленген дәуір мың-мың жылдар бойында қиян- кескі жылдар бойында қансыратқан соғыс өртіне куә болып келген. Соғыстың мақсаты біреу-ақ, өзгенің жерін, елін құлдықтың бұғауында ұстап, халқын езіп-жаныштату, минералды ресурстарын пайдалану және сол еңкейген елдің есебінен өзінің материалдық игілігін көтеру.
Адамзат тарихында сұрапыл соғыстың шырқау шегіне алапаты 1941жылы басталған екінші дүние- жүзілік империялық текетірес. Адами ресурсты қыруға арналған жетілдірілген қару-жарақ техникасының күшімен 30 млн- нан астам адам қырғынға ұшырады. Көптеген адамдар мүгедек, кемтар болып қалды. Өмір сүруден қағылғандарды қоспағанда. 1418 күн мен түнге жалғасқан сұрапылдық нәтижесі осындай. Осынау қасіретті қасапханаға Сарысу ауданының азаматтары аз қатысқан жоқ. «Боздақтар» кітабының мәліметіне жүгінсек, ауданнан аттанған жерлестеріміздің 1531 жауынгер қан майданда опат болған. Оның 551 хабар-ошарсыз кетсе, 980 боздақтың мәңгілік дамылдаған жері белгілі. Жан берісіп, жан алысқан алапатта ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, Кеңес Одағының батыры атанған сарысулық үш азаматтың есімі кейінгі жылдары аталмай бара жатқандығы өкінішті. Олар – Қазыбек Нұржанов, Берген Исаханов, Амантай Дәулетбеков. Бұлардың ішіндегі тек Берген Исаханов қана елге оралып, көршілес Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында өмірден озды. Біздің ауданымыздан аттанған, соғыстың бел ортасында офицерлік дәрежесін көтергендер де аз болмаған. Олардың қатарында кейін министр болған Әбдразақ Елібаев, аудан басшылары Айтбай Назарбеков, Ұзақбай Сыздықбаевтар мен бірге Сәт Қабылбеков, Төленді Баймұратов, Тоғайбек Сейітжанов сияқты майдангерлер бар. Ал, Қыздарбек Ыбыраев атамыз полк командирінің орынбасары болған. Аты аңызға айналған жауынгер – танк тізгіндеуші Ошақбай Сатыбалдиев туралы оның көзі тірісінде баспасөзде көп жазылды. Ол қиян-кескі ұрыс даласында көзсіз ерліктері үшін ІІІ- мәрте «Қызыл жұлдыз», «Даңқ» және «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Мұндай ең жоғарғы мәртебелі атақ екінің біріне бұйырмаған.
Биыл алапат соғыстың аяқталғанына, жеңіс туының желбірегеніне 81 жыл. Осынау Ұлы қуаныш, әр қуаныш күні майдангер аталар рухына тағзым жасап, олардың аруақтары ұрпақтарын жебеп жүрсін деп тілек білдіргеніміз абзал.
Сарысу аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи- өлкетану музейі