Ерлік — елге мұра, ұрпаққа үлгі!
Құрметті жерлестер!
Қадірлі тыл ардагерлері!
Баршаңызды қастерлі мереке 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл — Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен қажыр-қайратын танытқан айтулы мереке.
Бүгінгі ұрпақтың аталар сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні.
Майданда елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі.
Ұрпақтың еске алуы мен құндылықтардың сабақтастығы — бұл жанқиярлықпен жеңiске жеткен майдангерлердiң алдындағы бiздiң қасиеттi борышымыз.
Ерлік — елге мұра, ұрпаққа үлгі.
Бейбіт өмір мен ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің жанкешті ерлігі мен еңбегі жадымыздан ешқашан өшпек емес.
Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында тағзым етеміз.
Отан үшін от кешкен, туған жерді жанындай қорғай білген ардагерлеріміздің ерліктерін мақтан етеміз.
Құрметті тыл ардагерлері!
Бiздiң елiмiз бен бүкiл адамзат үшiн жасаған барлық ерлiк iстерiңiз, ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшiн Сiздерге тағзым етемiз және үлкен ризашылығымызды бiлдiріп, жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне біз әрдайым құрметпен бас иеміз.
Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.
Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Отанымыз көркейе берсін!
Шаттық Мұсабеков, аудандық мәслихат төрағасы