Ұлт руханиятының қазығы
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлері мен сала ардагерлері !
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Медиа кеңістікте бұқаралық ақпарат құралдарына ерекше рөл беріледі.
Қазіргі таңда қазақ журналистикасының өзіндік мектебі қалыптасып, бұқаралық ақпарат құралдары уақытпен үндесіп, даму көшінің бел ортасында келеді. Баспасөз — билік пен халықтың дәнекері. Елімізде журналист мамандығы әрқашанда ерекше орынға ие болған.
Мемлекетімізде баспасөз бен журналистика, ақпараттық сайттар заман талабына сай түрленіп, қоғамға қажетті маңызды ақпараттарды уақтылы таратып келеді. Журналистердің жемісті жұмыстары — қашан да халық назарында. Еліміздің журналистер қауымы заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, абыройлы қызмет атқарып жүр.
БАҚ қызметкерлерінің тәжірибесі, шеберлігі мен жоғары кәсіпқойлығының арқасында тұрғындар объективті ақпарат алады. Олар өз материалдарында заманымыздың тарихын жазады, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді көтереді.
Еліміздегі әртүрлі бағыттағы көптеген басылымдар, олардың әрқайсысының өз оқырмандары бар. Мұның бәрі өз материалдары үшін қызықты тақырыптарды тапқан журналистердің жұмысының арқасында.
Бүгінде ауданымыздың тынысына айналған баспасөз қызметі түрлі жаңалықтар мен тосын ақпараттарды тыңнан жеткізуде қоғамның айнымас бөлігіне айналып жүр. Тарихы сонау 1937 жылдан бастау алатын аудандық басылым күні бүгінге дейін маңыздылығын жоғалтқан емес. Әр жылдарда әр түрлі атпен таралып жүрген аудандық «SARYSY» газеті кешегі күннің айнасы іспеттес. Талай мықты журналистер мен тіл мамандарының түлеп ұшуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан газеттің кешегісі мен бүгіні ғасырларға жалғасатын алтын уақыт. Бүгінгі басылымның сәні де ерекше, дизайнында да көптеген оң өзгерістер бар. Мұнда алуан түрлі ақпараттармен қатар, дерек пен дәйек, тарихи оқиғалар мен ғибратқа толы мағыналы әңгімелер де жетерлік. Технология мен ғаламтордың дамып жатқан кезеңінде аудандық баспасөз қызметінің де бірге жасап келе жатқанын байқаймыз. Әлеуметтік желілерде қоғамда болып жатқан оқиғаларды көзді ашып-жұмғанша хабардар ететін аудандық баспасөз қызметінің еңбегі де ерен. Сәт сайын жазылушылары да көбейіп жатыр.
Қымбатты қаламгерлер!
Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, тың шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Еселі, жемісті еңбектеріңіз ел игілігіне айналып, қалам тартқан тақырыптарыңыз табысқа толы болсын.
Алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер!
Ш. Мұсабеков,
аудандық мәслихаттың төрағасы