Кітаппен кемел болашаққа

0

23 сәуір-Ұлттық кітап күні және кітапханашылар күніне орай Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Кітап әлеміне қош келдіңіз» атты ашық есік күні аталып өтті. Ашық күн аясында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Луиза Рахымбаева 2026 жылғы мерейтой иелеріне, «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша жазушы Қабдеш Жұмаділовтың шығармаларына, библиографиялық көрнекіліктер ұсынды. Ұлттық күн ретінде ұлықтау қазақ қоғамында кітапқа деген қызығушылықты арттырып, жастардың оқуға деген ынтасын жандандырудың маңызды қадамы болып саналады. Жаңа күннің белгіленуі кітап мәдениетінің қоғамдық және кәсіби маңызын ұштастырып қана қоймай, іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға, көрнекіліктер ұсынуға мүмкіндік береді.
Жүрегі өлеңмен нұрланған,
Ізгілік ізінен үлгі алған,
Қазына иесі қарындас,
Өмірін кітапқа арнаған…деп белгілі ақын,жазушы Баянғали Әлімжанов жырлағандай, оқырман жүрегі әрдайым кітаппен табысып, жаңа әлемдерді ашып отырғай.

«Sarysý»-АҚПАРАТ

Leave A Reply

Your email address will not be published.