Балалар қуанышқа кенелді
Жаңаталап ауылдық округінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың қуанышын арттыру және мерекелік атмосфера қалыптастыру мақсатында балмұздақ тарату шарасы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара барысында ауылдық округ аумағындағы балаларға тегін балмұздақтар таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Балалар мерекелік сыйлықты зор қуанышпен қабылдап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Халықаралық балаларды қорғау күні – балаларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты дәріптейтін маңызды мереке. Осыған орай ұйымдастырылған балмұздақ тарату акциясы балалардың жүздеріне күлкі сыйлап, мерекенің мән-маңызын арттыра түсті.
Жаңаталап ауылдық округі алдағы уақытта да балаларға арналған іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып қолдау көрсетуді жалғастырады.Балалардың қуанышы мен бақыты – қоғамның жарқын болашағының кепілі. Сондықтан әрбір балаға қамқорлық танытып, олардың алаңсыз балалық шағын қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.