Ұранды елдің-ұрпағы қайсар

0

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 34 жылдығына орай, «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» тақырыбында 5–8 сынып оқушылары арасында сапта жүріп, ән айту байқауы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімін арттыру, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, әскери тәртіп пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды. Байқау барысында қатысушылар саптық жүріс элементтерін және әскери-патриоттық әндерді нақышына келтіре орындады.
Оқушылар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты. Қазылар алқасы қатысушылардың саптық дайындығына, ән орындау шеберлігіне және сыртқы әскери киім үлгілеріне ерекше мән берді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік сыныптар анықталып, марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.