ШЫҒАРМАШЫЛ ПЕДАГОГТЕРГЕ МҮМКІНДІК АЛАҢЫ
Педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытуға, озық тәжірибелерін таратуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсына қатысуға шақырамыз.
Конкурсты ұйымдастырушы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы. Байқау педагогтердің функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған авторлық идеяларын анықтауға, насихаттауға және тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң болып табылады.
Конкурсқа өтінімдер 2026 жылғы 2 наурыз бен 30 маусым аралығында қабылданады. Қатысу үшін материалдарды арнайы конкурс платформасы арқылы жолдау қажет.
Конкурс сайты: https://ppi.orleu.edu.kz
Конкурстың мақсаты – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал ететін тиімді педагогикалық идеяларды ұсыну және тарату.
Конкурс бағыттары:
Оқу сауаттылығы
Математикалық сауаттылық
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
Цифрлық сауаттылық
Қаржылық сауаттылық
Экологиялық сауаттылық
Мәдениетаралық сауаттылық
Жаһандық құзыреттер
Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.
Байқау екі кезеңде ұйымдастырылады:
Аймақтық кезең – авторлық педагогикалық идеяның сипаттамасын ұсыну;
Республикалық кезең – педагогикалық идеяны нақты білім беру жағдайында қолдануды бейнежазба арқылы көрсету.
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Сонымен қатар республикалық кезеңде әр бағыт бойынша «YouTube-дауыс беру жеңімпазы» арнайы номинациясы қарастырылған.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» – шығармашыл педагогтердің кәсіби тәжірибесін танытып, инновациялық идеяларын республика көлемінде насихаттауға мүмкіндік беретін беделді алаң.
Құрметті педагогтер! Өз тәжірибеңізбен бөлісіп, жаңашыл идеяларыңызды кәсіби қауымдастыққа таныстыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Авторлық педагогикалық идеяңызды ұсынып, республикалық деңгейдегі кәсіби байқаудың қатысушысы атаныңыз!
Жұлдыз Кошербaевa,
аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы