Достығымыз жарасқан
Кулипа КОЙЧУМАНОВА,
Қырғыз ұлтының өкілі
Қазақстан халқын келе жатқан 1 мамыр — Бірлік күнімен құттықтаймыз! Бұл мереке бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Бұл күн-әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Еліміздің басты қорғаушы күші-қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау-Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық-біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Камал АЙДАРОВ,
Күрді ұлтының өкілі
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. «Береке бастауы — бірлік, ел іші — тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетеді. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырады.
Насихат АНАРБАЙҚЫЗЫ,
Қырғыз ұлтының өкілі
Еліміз үшін бұл күн маңызды мерекелердің бірі болып табылады. 1 мамыр күні еліміздің барлық өңірлерінде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шаралар өткізіледі, бұл дегеніміз – олардың бір шаңырақ астында тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүріп жатқандығының анық айғағы. Сонымен қатар, аталмыш іс-шаралардың басты мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір-біріне деген сыйластығын арттырып қана қоймай, бірлік пен татулықты насихаттау болып табылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі таңда барлық ұлттардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде қалыптасты.
Бүгінде тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкіліне салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениетін дамытуға, тілінің жетілуіне еркіндік берілген. Осының барлығы мемлекет басшысының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылығын сақтаудың дұрыс стратегиясының және ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін орната білудің арқасында болып отыр.
Мәні мен маңыздылығы жоғары мереке 1996 жылдан бастап тойланып келеді. Менің ойымша, бұл мерекенің еліміздің халқын біріктіруге қосқан үлесі зор. Себебі еліміз көп ұлтты мемлекеттің қатарына жатады. 150-ден астам ұлт өкілдері шоғырланған. Мен де көк аспанында қыраны қалықтаған, тәуелсіздіктің әнұраны шарықтаған елде тұрғаныма қуаныштымын.
Осыншама ұлттарды бір шаңырақ астында біріктіріп отырған Қазақстаныммен мақтанамын. Себебі елімізде тыныштық пен жайлы үйлесімділік салтанат құрған. Бірлігіміз мәңгі болсын!