Ынтымағымыз бен достығымыз арта берсін
Cіздерді 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі. Ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы болып табылады. Бұл күн-әрбір қазақстандық үшін Отанға сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі болып табылады. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Сіздерді бақыт пен береке, ашық аспан, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға аманшылық пен шаттық тілеймін. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалға- сып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін. Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін. Қазақ елінің киелі шаңырағы астында әртүрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқандығы бізді қуантады. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бүгінгі бейбітшілік заманда өз халқымыздың тілін, салт- дәстүрін, мәдениетін ұмытпау, мемлекеттік тілді білу өте маңызды, алайда ең басты байлық- еліміздегі ұлттар арасындағы достық пен ынтымақ. Сондықтан мен елімізде ешқандай алауыздық болмай, барлық ұлт өкілдері тату-тәтті, береке мен бірлікте өмір сүрсе деп тілеймін. Төртеу түгел болса, төбедегі келері хақ. Сан ұлттың мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда.
Ауданда сегіз этно-мәдени бірлестігі жұмыс атқарады. Республика көлемінде және облыста, ауданда өткізілетін іс-шаралардан қалыс қалмаймыз. Этно-мәдени бірлестіктері ұйымшылдықпен жұмыс атқарып келеміз. Сонымен қатар, ауданда өткізілетін екі айлық көктемгі және күзгі тазалық жұмыстарына да, «Таза Қазақстан» акциясына да белсенді түрде үлес қосудамыз. Бір атаның балаларындай болып, қаламыздың көреюіне, гүлдене беруіне үлес үлесімізді қосудан шаршамаймыз.
Светлана ҚОЖАНАЗАРОВА, Сарысу ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясындағы «Әулие ата» қазақ этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі, аудандық Аналар алқасының төрайымы