Мерейлі мереке!
Еліміздегі маңызды мерекелердің бірі 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі. Аудандық ардагерлер кеңесі үшін ең қымбаттысы ауданымызда мекендейтін бірнеше ұлт өкілдерінің арасындағы ынтымақтастық пен өзара ауызбіршіліктің одан сайын нығая түсуі, ұлтаралық татулықтың салтанат құруы. Сонымен қатар, қарапайым тұрғындар арасындағы күнделікті тұрмыстағы бірін-бірі құрметтеушілік, сыйласушылық, түсінік те болған бағалы.
Бүгінгі таңда ардагерлер кеңесінің алдына қойып отырған мақсаты да осындай құңдылықтарды, адами қасиеттерді бағалау, қалыптастыру, күнделікті өмірде адамдар арасында, ағайын-туыстар арасында, отбасыларында, кездесе беретін болмашы кикілжіңдерді ушықтырмай бейбіт жолмен шешіп, татуластыру, тіл табыстыру болып табылады.
Себебі еліміздегі ең басты байлық – адам және оның өмірі болып есептеледі. Қоғамда өз орнын тауып, қоғамға қажетті еңбек етіп, отбасын құрып, ұрпақ жалғастыру әрбір адамның азаматтық борышы. Қазіргі заманда адамдарды ұлтқа бөлмей, олардың ізгі істеріне, іскерлігіне қарай бағалау, құрметтеу, сыйлау қалыптасып келеді. Сондықтан туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысайық!
С.АППАЗОВ, аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы