Ынтымақ, бірлік, келісім – елдің ең асыл байлығы
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді халқымыздың достығының ұлы мейрамы 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бірліктің жарқын және қуанышты мейрамы халқымыздың игі дәстүріне айналды.
Біздің көпұлтты қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісімге берілетін зор маңызға баса назар аударатын еліміздегі аса маңызды мерекелердің бірі, бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі.
Бірлік – еліміздегі саяси-экономикалық тұрақтылықтың басты әрі негізгі кепілі.
Біздің тәуелсіздігіміздің тарихы — Қазақстан халқының тұрақтылығы, достығы мен келісімінің тарихы.
Бүгінгі таңда бейбітшілік пен тұрақтылық — мемлекеттілігіміздің негіздерінің бірі, басты байлығымыз бен игілігіміз.
Елімізде барлық этностардың мүдделері нығайып, олардың ұлтына қарамастан құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталуда.
Түрлі этностардың өкілдері республикамызды өз Отаны деп санайды және бізде бар бейбітшілік пен бірлікті мақтан тұтады.
Берекелі шаңырағымызда топтасқан этностар қашанда елдігімізді танытар игі бастамаларға қолдау білдіріп, берекелі бірлігімізді бекемдеу жолында жүйелі әрі үйлесімді жұмыс істеуде.
Ауданымызда көптеген түрлі ұлт өкілдері жергілікті халықпен етене араласып, тату, ынтымақта өмір сүріп, бірліктің үлгісін көрсетіп келеді. Этномәдени орталықтар ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға үлес қосуда.
Біздің әрқайсымыздың міндетіміз — бірлікті сақтау, дінаралық келісім мен бейбітшілікті нығайту ісіне өз үлесімізді қосу.
Ардақты ағайын!
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі еліміздің ынтымағын жарастырып, ырысын арттырсын, Отанымызға татулық пен өркендеу әкелсін.
Бір шаңырақтың астындағы көпұлтты халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын.
Баршаңызға амандық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Әрқашан бірлігіміз бекем болып, бейбіт елдің берекесі арта берсін!
Шаттық Мұсабеков,
аудандық мәслихат төрағасы