Қолөнер байқауы

0

Балалар шығармашылық орталығы тағы бір жарқын жетістікке қол жеткізді. Облыстық “Алтын қазына” сәндік-қолданбалы қолөнер байқауына қатысқан орталықтың дарынды оқушысы Нұрлан Каусар жүлделі І-орынды иеленіп, аудан абыройын асқақтатты.

Аталған байқау – жас шеберлердің шығармашылық қабілетін шыңдап, ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған маңызды шаралардың бірі. Бұл сайыста қатысушылар өздерінің қолөнер туындылары арқылы шеберліктерін көрсетіп, тың идеяларымен ерекшеленді.
Нұрлан Каусардың еңбегі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, үздік деп танылды. Оның жасаған бұйымдары ұлттық нақышымен, көркемдігімен және ұқыптылығымен көзге түсті.
Жас өнерпаздың бұл жетістігі – тек өзінің ғана емес, жетекшісі Берік Құралайдың да табанды еңбегінің нәтижесі. Ұстаздың бағыт-бағдары мен қолдауы шәкіртінің биік белестерді бағындыруына жол ашты.
Осындай жетістіктер арқылы Сарысу ауданының Балалар шығармашылық орталығы өнерлі өрендерді тәрбиелеуде үлкен үлес қосып келеді. Алдағы уақытта да жас дарындардың жеңісі жалғасып, аудан мәртебесінің арта беретініне сенім мол.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.