Көктем аруы – 2026
Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінде оқушылар арасында «Көктем аруы – 2026 » байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты- қыз балалардың мәдени, рухани дамуына, білім мен тәрбиенің жетілуіне, шығармашылық өсуіне жағдай жасау.
Халқымыздың салтын, әдет – ғұрпын құрметтеп, жан-жақты дамыту. Ұлттық тәрбиені насихаттау.
Байқауға қатысқан оқушылар төрт кезең бойынша сынға түсті. Таныстыру, сән үлгісі, өнерліге өріс кең, ас-адамның арқауы кезеңдері бойынша бақтарын сынады.
Байқауға мектеп бойынша жеті оқушы қатысып, бас жүлдені «Бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер» сыныбының оқушысы Сейдолла Талшын иеленді. Жеңімпазға ауыспалы кубок табыс етіліп, сый-сияпат берілді.
І- орынмен «Домбыра» сыныбының оқушысы Қарақат Жолдыбай, 2 — орынмен «Бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер» сыныбының оқушылары Ілгербайқызы Мерей мен Айтуар Алина, 3-орынмен «Домбыра» сыныбының оқушылары Арғынбек Еркенұр мен Қалқаман Бекзада және «Қолөнер» сыныбының оқушысы Тәжібай Ақниет марапатталды. Оқушылар әр түрлі номинациялармен марапатталып, сыйлықтар берілді.
Байқауды мектеп директоры Әмірәлі Әбенов қорытындылап, қыз балалардың және жетекшілерінің еліміздің әдет-ғұрпын құрметтеп, жан-жақты дамуына көп ықпал болғандығын айтып өтті.
Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»