Өнер айдынында қанат қаққандар
Ауданымызда өнерлі жастарымыз аталмыш байқауларда өз өнерлерін көрсетіп, жүзден жүйрік атануда. Осы шәкірттерді өнерге баулып жүрген ұстаздарының еңбегі ұшан-теңіз. Соның бір дәлелі Игілік ауылдық балалар өнер мектебі тағы бір жарқын жетістікке қол жеткізді.
Атап айтар болсақ Тараз қаласында өткен «Анама сыйлық» республикалық балалар шығармашылық байқауында Игілік ауылдық балалар өнер мектебінің «Наркескен» домбырашылар ансамблі бас жүлдені қанжығасына байлады.
Сонымен қатар «Аспапта ойнау»және «Атадан-мұра» қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған«TURAN FEST», «Күй құдіретті әуез. Құрманғазы күйлері» әуенді республикалық байқауларында 1-орынды жеңіп алды. Жас жеткіншектер аудан, ауыл абыройын асқақтатты.
Жас өнерпаздардың бұл жетістігі жетекшісі Махамбетов Орынбасардың табанды нәтижесі.
Бұл байқауда Қасым Хантөре, Пернебай Дамир, Бейсенбек Гаухар, Мұсаахмет Ақбота, Тілеуқара Естай, Саур Гүлзат, Мұхтар Нарқыз, Жарас Ерасыл өз өнерлерін көрсетті.
Иә, ата-бабадан қалған саф өнерді өскелең ұрпаққа жеткізудің, оны жоғары деңгейде дамытудың негізгі тірегі болып саналады.
Райхан Көшерова,
Игілік ауылының тұрғыны