Спорттық эстафета

0

№11 Сарысу колледжінде студенттер арасында «Жылдамдық пен бірлік» тақырыбында спорттық эстафета сайысы ұйымдастырылды. Аталған шараның негізгі мақсаты – студенттердің дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Сайысқа колледждің белсенді студенттерінен құралған бірнеше команда қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар әртүрлі спорттық кезеңдерден өтіп, жылдамдықтарын, ептіліктерін және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті. Әсіресе командалардың бір-біріне деген қолдауы мен жеңіске деген жігері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Эстафета барысында жүгіру, кедергілерден өту, доппен орындалатын тапсырмалар және шапшаңдықты талап ететін қызықты ойындар ұйымдастырылды. Әр кезең тартысты өтіп, қатысушылар өздерінің мықты дайындықтарын дәлелдей білді.
Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Тұлпар» командасы, 2-орынды «Қаршыға» командасы, 3-орынды «Сұңқар» командасы иеленді.
Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға алғыс айтылып, олардың белсенділігі ерекше атап өтілді.
Мұндай спорттық шаралар студенттердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, достықты, бірлікті және өзара қолдауды арттыруға үлкен септігін тигізеді. Алдағы уақытта да жастарды спортқа баулитын осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар жалғаса бермек.

Аяжан Көбей, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 2 – курс студенті

Leave A Reply

Your email address will not be published.