“QAZ IQ” атты интеллектуалды сайыс
Өткен аптада жастар арасында білімге құштар, ойы озық мамандарды анықтау, зияткерлік ойын арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру, жастардың жалпы эрудициясын дамыту, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, ұлттық құндылықтар мен әлемдік мәдениетке деген қызығушылықтарын және мекеме жастары арасында ынтымақтастық пен белсенділікті қалыптастыру мақсатында Түркістан ауылдық округіне қарасты Ә. Бүркітбаев ауылының клуб үйінде “QAZ IQ” атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайысқа 3 қатысушыдан құралған 5 команда қатысты. Сайыс тартысты әрі қызықты сәттерге толы өтті. Сайыс соңында “Ұлы дала ұрпақтары” және “ М. Әуезов жастары” 3-орынды, “ Мәдениет жастары” 2-орынды, “ Денсаулық сақшылары” және “ Ер Төстік” командасы 1-орынмен марапатталды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұймдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар үлестірілді.
Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»