Әскери-патриоттық іс-шара

0

Апта ішінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимараты алаңында жастарды шапшаңдық пен жылдамдыққа, патриоттық рух пен ерік-жігерге баулу, сондай-ақ, болашақ жастарды әскерге дайындау мақсатында «Айбын-2026» әскери-патриоттық іс-шарасы өтті.
Шараға Жаңатас қаласы және ауылдық округтерден жасақталған «Алаш», «Жас қырандар», «Жас сарбаздар», «Мерген», «Дала қырандары», «Қайсар жасақ», «Сарбаз рухы», «Сұңқар» топтары қатысып, өзара бақ сынасты.
Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ж. Сақыпбеков қатысып, ашып берді. Сондай-ақ, аудандық біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі жұмылдыру бөлімше бастығы Абдреев Жарқынбек қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сайыс «Саптық дайындық, сапқа тұру, бұйрық­тарды орындау; саптық жүріс, бұрылу тәсілдері», «Әскери-қолданбалы эстафета кедергілер жолағынан өту, белгіленген қашықтыққа жүгіру, жүкпен қозғалу», «Қару-жарақты бөлшектеу және жинау автоматты уақытқа бөлшектеу және жинау», «Алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету», «Противогаз кию» кезеңдерінен сынға түсіп, бақтарын сынады.
Тартысты әрі қызықты өткен байқау нәтижесінде 1-орынды «Жас сарбаздар», 2-орынды «Сарбаз рухы», 3-орынды «Жас қырандар», «Қайсар жасақ» тобы иеленді.
Қатысушы командалар естелік фотоға түсіп, мекеме тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.