Әскери борыш-абыройлы міндет

0

Өткен аптада « Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен әскер қатарынан оралған азаматтармен жастар арасында еркін форматтағы кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – жастарға әскери өмірдің маңыздылығын түсіндіру, Отан алдындағы борышты өтеудің жауапкершілігін насихаттау және патриоттық рухты арттыру болды.
Шара барысында “Жастар ресурстық орталығы” директорының орынбасары Ж.Қыстаубаева, заңгер маман Л.Шакирова, әскерден келген жастар Малмақ Нұрмұхаммед және Түймебек Дидар қатысты.
Әскерден келген азаматтар өздерінің борышын өтеген кездегі тәжірибесімен бөлісіп, әскери тәртіп, шыдамдылық пен жауапкершілік туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар арасында жылы әрі сенімді атмосфера орнады. Жастар әскери қызметтің өмірлік маңызы зор екенін түсініп, өз болашақтарына жауапкершілікпен қарауға шақырылды.
Осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.