Чернобыль апаты – ғасыр қасіреті

0

1986 жылдың көктемінде бейбіт атом тарихындағы ең ірі апаттардың бірі болған Чернобыль оқиғасы төрткүл дүниені елең еткізді. Қайғылы жағдайға 40 жыл өтсе де ел тұрғындары «бейбіт атом» немесе Атом энергиясы туралы сөз қозғала қалса, алдымен Чернобыльдегі апатты еске алады. Бұл жасырын емес.

Осыдан 40 жыл бұрын, 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль қаласында атомды энергияны пайдалану тарихында мыңдаған адамның өмірін қиған ең ірі апат орын алды.
Өздерін құрбан ете отырып Чернобыль апатының зардабын жоюға 800 мың адам, соның ішінде 31 мыңнан астам қазақстандықтар қатысты.
Ол ХХ ғасырдағы ең қорқынышты технологиялық апат болып табылады. Реактордағы өрттің салдарынан атмосфераға 190 тоннаға жуық радиоактивті заттар шығарылды. 400 мыңнан астам адам экологиялық апат аймағында болып, 90 есе сәулеленуге ұшырады.
Осыдан тура 40 жыл бұрын Отанымыздың шақыруымен мыңдаған жерлестеріміз Чернобыль апатын жоюға қатысып, патриоттық және азаматтық парызын орындады.
Бұл ең үлкен техногендік апат адамзат тарихындағы ең үлкен трагедияға айналды. Саркофагтың құрылысы, станция мен оған іргелес аумақты залалсыздандыру жұмыстары негізінен сол кездегі Кеңес Армиясының жауынгерлерінің мойнына түсті. Өз өмірлерін қауіпке төндіріп, ондаған мың адамдар табиғи апатты және оның салдарын жою үшін бәрін жасады.
Жыл сайын дәстүр бойынша 26 сәуірде қазақстандықтар бұл күнді Чернобыль АЭС-індегі аварияларды жоюға қатысқан адамдардың ерлігі, батырлығы және табандылығы күні ретінде атап өтеді. Қазіргі уақытта ардагердің жасы мен денсаулығы іс-шараларға қатысуға мүмкіндік бермейді, бірақ сол қайғылы оқиғаларға қатысушылардың ешқайсысы назардан тыс қалмайды.
Чернобыль салдарын жоюға қатысқан мыңдаған Отандастарымыздың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы мүмкін еді. Олар өз өмірлері мен денсаулықтарын тәуекелге тігіп, әлем халқын радиацияның зиянды істерінен қорғады. Сондай-ақ, әрі қарай таралуына тосқауыл болды. Жылдан-жылға Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандардың саны азайып келеді. Еліміз олардың ерлігін ешқашан ұмытпайды және оларға үнемі қамқорлық көрсетуде.
Өткеннің естелігін жаңғыртып, сол кездегі өр кеуде өршіл рухты бауырларымызды еске алып тұрамыз. Бұл көптің жанын жаралаған, жүрегінде ізі қалған тарихи әлі тағдырлы күн.

Амангелді Ускенбеков, аудандық Чернобыль Одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.