КЕЛІСІМ-ШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕЙМІЗ
Бүгінгі өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ұлттық сана-сезім қажет. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талаптанумен сіңеді. Осы қасиеттерді ұрпақ бойына дарытатын-ұстаз, ата-ана, тәрбиеші, қоршаған орта екені даусыз.
Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі Отан десек, оның мазмұны туған жер, өз діні, ұлттық тіл, ұлттық дәстүр, олардың адам көкірегіне жылулық, жақындық туысқандық сезімдерін ұялатып, ізгі ерлік істер қайнар көзіне айналу патриотизмге тәрбиелеудің арқауы десек болады.
Әр бала өз еліне деген патриоттық рух қалыптастыру үшін оның бай тарихына, болашағына деген жауапкершілігін сездіретін әрекет жүйесін жасауымыз керек. Патриотизм өз-өзінен қалыптаспайды, бала кезінен «Қазақстан менің Отаным, мен Отанымның алдында борыштармын» деген ойларды сіңіру қажет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын саяси және рухани жағынан пайымдаудан басталады. Бұл-ұлт нышандары ар-намысын, борыш парызын құрметтеуге үйретеді. Мемлекеттік нышандардың көмегімен азаматтардың еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезімі табандылықпен тәрбиелене түседі. Жасөспірім ұрпақтарға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіре отырып, ой-өрісін кеңейту және сана-сезімдерін, Отанды сүю, халқымыздың игі дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеуіміз керек.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарында әскери міндетін өтеу біздің ер азаматтарымыздың міндеті және абыройы болып табылатынын ұмытпауымыз қажет, осыған-орай Жаңатас қаласы Қорғаныс Істері жөніндегі біріктірілген бөлімі елімді сүйем, Отанымды қорғаймын деген мерзімді әскери қызметін өткерген азаматтар арасында Келісім шарт бойынша әскери қызметке іріктеу жұмыстары жүріп жатқандығын хабарлаймыз.
— Әскери бөлім тарапынан жеке тұрғын үй алуға көмек көрсетіледі.
— Жоғары оқу орнында оқитын азаматтарға 50 пайыз оқу орнының төлемақысын төлеп береді.
— тегін медициналық көмек көрсету.
— жыл сайынғы кезекті демалысқа шыққанда екі айлық мөлшерінде жәрдемақы алады.
Талаптар.
— Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
— денінің сау болуы;
— қылмыстық жазаға тартылмаған.
Ниет білдірген азаматтарды Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскери қызметкерлерді келісім-шарт бойынша іріктеу және шақыру бөлімшесіне келіңіздер.
Байланыс тел. 6-36-04
Ю.Сериков,
Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім
бастығы, подполковник