ӘСКЕРГЕ БАРУ-ӘРБІР АЗАМАТ ҮШІН МІНДЕТ
Отанды қорғау — қашанда қасиетті де қастерлі ұғым. Батырлықтың, ерліктің, қайсарлықтың белгісі.
Халық туған жерді ерлікпен қорғаған және қорғайтын азаматтарға, әскери борышын өтеушілерге әрқашан құрметпен қарайды. Дені сау ер азамат Отанын қорғауға қашанда дайын болу керек.
Жыл сайын Қазақстан Республикасының Президенті азаматтарды әскер қатарына шақыруды жариялайды. Оны ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.
Ата Заңымыздың 36 бабында «Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.» деп атап көрсетілген.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақыруға жатады.
Аталған бағытта Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Н. Календеровтің төрағалығымен селекторлық кеңес өткізіліп, артыншда аудан әкімінің орынбасары Ж.Сақыпбековтің төрағалығымен аудандық жиын өткізілді.
Жиынға қорғаныс бөлімі, аудандық орталық аурухана, аудандық полиция бөлімі, колледж директорлары, жастар ресурстық орталығы басшылары мен жауапты өкілдері, қала және ауылдық округ әкімдері қатысып, 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны қарсаңында атқарылған жұмыстардың барысы мен жоспарлы шаралар туралы баяндамалар тыңдалды.
О. БЕЙСЕН – ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және
азаматтық қорғаныс бөлімшесінің бас инспекторы