«Жас прокурорлар» сыныбы салтанатты түрде ашылды
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң және Тәртіп» қағидатын идеологиялық және саяси бағыт ретінде ұсынуы-жаңа Қазақстанның құндылықтар жүйесін жаңғыртудың маңызды көрінісі. Бұл бастама-заң үстемдігіне негізделген әділетті қоғам құрудағы нақты әрі батыл қадам. Барша азаматтардың заң алдындағы теңдігі мен заңды сақтау мәдениеті-еліміздің болашағын айқындайтын басты шарт.
Әділетті мемлекет құру-баршамыздың ортақ мақсатымыз және міндетіміз. Бұл бастама-Мемлекет басшысы айқындаған құқықтық мемлекет қағидаттарын, әділетті қоғам қалыптастыру, жастардың құқықтық санасын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі. Сыныптың құрылуы — өскелең ұрпақты заңға құрметпен қарауға, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам. Мемлекетімізде жүзеге асырылып отырған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы реформалар-осындай бастамалардың өзектілігін арттыра түседі. Бұл тұрғыда «Жас прокурорлар» сыныбы-жастар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сабақтастықты нығайтатын тиімді алаң.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы аясында Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектепте «Жас прокурорлар» сыныбы жұмыс жасайды. Аталған іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған «Заң және Тәртіп» қағидатын қоғам өмірінің негізгі құндылығы ретінде орнықтыруға, жас ұрпақтың құқықтық санасын арттыруға, сондай-ақ әділетті Қазақстанды құру жолындағы тәрбиелік саясатты нақты іспен жүзеге асыруға бағытталады.
«Жас прокурорлар» сыныбының құрылуы-заң үстемдігін саналы түрде түсінетін, әділдік пен жауапкершілікті өмірлік ұстаным еткен жаңа буынды қалыптастыруға арналған жүйелі алаң. Сыныптың негізгі мақсаты-оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухты нығайту, прокуратура органдарының қоғамдағы рөлін түсіндіру, жасөспірімдерді прокурор мамандығына ерте кәсіби бағдарлау. Заң үстемдігі – мемлекеттің тұрақтылығы, ал заңға адал ұрпақ – ел болашағының кепілі екенін атап өтті. Салтанатты рәсім барысында сынып мүшелері заңға адал болуға, әділдікті ту етуге, ел мүддесіне қызмет етуге арналған салтанатты ант қабылдады. Бұл сәт – оқушылардың құқық қорғау саласына саналы көзқарасының, азаматтық жауапкершілігінің нақты көрінісі болды. Сынып мүшелеріне арнайы куәліктер табысталды, бұл арқылы олардың жаңа мәртебесі айқындалды. Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев елге адал қызмет ету жолы мен ерлікке толы өмірі – «Жас прокурорлар» сыныбы жұмысының рухани өзегіне айналады. Бұл сынып заңды терең білетін, әділ шешім қабылдай алатын, ел мүддесін бәрінен биік қоятын саналы жас азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды. Бүгінгі таңда сынып құрамында 24 оқушы бар. Бұл сынып болашақта елге адал қызмет ететін азаматтарды тәрбиелейтініне сенеміз!
М.Оспанова, Д. Қонаев атындағы орта мектебінің директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары