БАСТАҢҒЫ – ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ САУЫҒЫ

0

Наурызнама аясындағы үшінші күн — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасын, әдет-ғұрпы мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге арналған. Елдің әр өңірінде ұлттық дәстүрлерді насихаттайтын түрлі мәдени іс-шаралар, көрмелер мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.
Осы орайда, 16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай, аудандық мәдениет үйінде жастарды ұлттық құндылықтарға тарту мақсатында «Бастаңғы» дәстүрі қайта жаңғыртылды.
Басқосудың шымылдығы қазақтың қара домбырасымен ашылып, тәтті күй төгіліп, келген көрермендер халық әндерімен құлақ құрышын қандырды. Жастар жағы «Бастаңғы» дәстүрі аясында әннен шашу шашып, сауыққа толы кештің көркін кіргізді. Шараны аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков пен ауданымыздың зиялы қауым өкілдері тамашалады.
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні – ұлттың рухани тамырын тереңірек танып, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді қайта жаңғырту маңызды. Бұл бастама әсіресе жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталған.

С. ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.