Тазалық жұмыстары жүргізілді

0

Аудан әкімі С.Мамытовтың тапсырмасына сәйкес көктемнің алғашқы күндерінен бастап қаламызда ауқымды абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды түрде бастау алды. Игі бастама аудан көлеміндегі үлкен сенбілікке ұласып, бірлік пен ұйымшылдықтың жарқын көрінісін көрсетті.
Атап айтқанда, қаламызға кіреберіс аумақтарды көріктендіру, ретке келтіру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Сенбілікке 385-ке жуық тұрғын, мекеме қызметкерлері, еріктілер мен жастар белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында көшелер мен ауыл ішіндегі аяқжолдар тазартылып, ирригациялық жүйелер қоқыстан аршылды. Көрнекі орындар мен қоршаулар сырланып, қоғамдық аумақтардың келбеті жаңартылды.
Сенбілікке 41 мекеме, 385 тұрғын қатысып, 9,4 тонна қоқыс шығарылды. 390 метр арық тазаланды.
Бұл шараның басты мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, табиғатты аялауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға үндеу. Тазалық – бір күндік шара емес, ол әрбір азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс.
Көктемгі сенбілік – жаңару мен жасампаздықтың бастауы. Бірлігіміз бекем болса, туған өлкеміз одан әрі көркейіп, таза әрі жайлы мекенге айналары сөзсіз.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.