Мектеп ауласына тал-дарақтар егілді

0

«Таза Қазақстан» акциясы – бұл жай ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Ол кең ауқымды іс-шараларды қамтиды.

Таза қоршаған орта – халық денсаулығының кепілі. Табиғатты аялау оның байлығын болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді. Ағаш отырғызу және парниктік газдар шығарындыларын азайту климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі. Экологиялық жауапкершілік Қазақстанның халықаралық беделін арттырады.
«Таза Қазақстан» бір реттік шара емес, мемлекеттің, бизнес пен азаматтық қоғамның тұрақты қатысуы мен қолдауын талап ететін ұзақ мерзімді бағдарлама екенін атап өткен жөн.
Жарылқасын Отарбаев атындағы орта мектебінің оқушылары табиғатты аялауға өз үлестерін қосып және естелік қалдыру мақсатында ағаш отырғызу акциясын өткізді. Әрбір егілген көшет — болашаққа деген нық сенім мен қамқорлықтың, жауапкершіліктің белгісі.
Бұл шара тек қоршаған ортаны қорғау ғана емес, сонымен қатар бірлік пен достықты нығайтатын ерекше күн болды. Оқушылардың еңбегі келешек ұрпаққа саялы бақ болып, ұзақ жылдар бойы игілік әкелсін.
Оқушылардың ағаш егуі – бұл мектеп бітіруші жастардың табиғатқа қамқорлық көрсетіп, өздерінен кейінгі ұрпаққа пайдалы іс қалдыруының жарқын үлгісі. Мұндай игі шара көбінесе мектеп бітіру кезеңінде ұйымдастырылып, түлектер өз қолдарымен ағаш отырғызады.
Бұл дәстүр түлектердің туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың жүрегінде ерекше естелік болып қалады.
Оқушылар отырғызған ағаштар жылдар өткен сайын өсіп, биікке айналады. Бұл – олардың мектептегі жылдарының ұмытылмас шағы, достық пен бірліктің белгісі. Оқушылар ағаш егуі – туған өлкеге деген сезім мен болашаққа жасалған маңызды қадам.

***

Досбол орта мектебінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға баулу және туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Жер қамқорлықты бізден күтеді» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Акция аясында оқушылар мен педагогикалық ұжым мектеп жанындағы аумақты абаттандыру мен тазалауға белсенді қатысты. Іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және туған өлкенің тазалығы үшін жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталған.
Акция мектеп қоғамдастығының бірлігі, еңбекқорлығы мен белсенді азаматтық ұстанымының жарқын үлгісі болды

***

Әйтеке би атындағы орта мектепте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары, ұстаздар және қызметкерлер белсене қатысып, мектеп ауласын тазалап, қоршаған ортаны жақсарту мақсатында еңбек етті.
Бұл акцияның мақсаты – жастарды табиғатты қорғауға, тазалыққа және еңбекке баулу, сондай-ақ қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыру болып табылады.
«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп, мектептер мен білім беру ұйымдарында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.