Кезектен тыс сессия өтті

0

Өткен аптада сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 55-ші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, қала, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Оңласын Мұқашовтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібінде: Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «Сарысу ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» №48-3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы; Сарысу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалды. Аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы мен депутаттардың тарапынан сауалдар қойылды.
Көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары түсіндіріп, баяндамашы және мекемелер тарапынан жауаптары берілді.

Аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.