Ана-өмірдің гүлі

0

Жаңатас қалалық кітапхана­ларының ұйым­дастыруымен «Мерейі үстем арулар!» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешімізге зейнеткер аналарымыз С.Жарылқасынова, С.Кузенова, А.Бақбергенова қатысып, іс-шараны кітапхана қызметкері Р.Оспанова жүргізіп, кітапхана оқырмандары «Жаңатас аула» клубының Айбас Санида, Теміржанқызы Раяна, Бақыт Нүрсұлтан, Бопыл Алихан, Амангелді Айша, Амангелді Көркем, Амангелді Еркем, Бердібек Аянат, Нұрғалиқызы Сандуғаш, Жайлаубай Айару, Әнкер Анель, Ермекбай Айару, Мұратқызы Айзере, Айтбек Арыстан, Айдарқызы Назира, Айбас Санида, Авазбек Ақтоты, Төребек Санжар, Ержігітұлы Айбек, Мұхтар Асылай, Жаңабекқызы Көзайым мүшелері өз өнерлерін көрсетті. Кітапханамыздың тұрақты оқырманы Қойшыбаева Айзере «Дарите женщинам цветы» әнін орындап, әжелерімізге керемет көңіл күй сыйлады. Күйші жігітіміз Сатыпалды Айсұлтан «Ерке сылқым» күйін әуелете орындаса, «Анаға деген алғысымыз шексіз» атты әдеби композицияда өлеңдер оқылды.Кітапхана қызметкерлері А.Жарылқасынова, А . Ерболқызы, Б. Өмірзақтар «Аяулы әжем» әнін тарту етті. «Ананың мейірімі — күннің нұрындай» атты кітап көрмесіне кітапхана қызметкері Ж.Рахимжанова библиографиялық шолу жасады. Кітапхананың тұрақты оқырманы С.Жарылқасынова Жаңатас қалалық кітапханасына «Төгіліп жырым жүректен» атты кітабын сыйға тартты.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.