Сарысу аруы — 2026

0

Абай атындағы орта мектебінде 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, «Сарысу аруы — 2026» арулар байқауы өтті.
Байқауға Жаңаарық, Саудакент, Досбол, Тоғызкент ауылдық округтері және Жаңатас қаласындағы Абай, Д.Қонаев мектептерінен жалпы саны — 9 қатысушы бақ сынады.
Байқау 5 кезеңнен тұрды. Олар:
«Storytelling format», мини-хикая үлгісіндегі таныстыру, «Talent show» өз өнері, «Интеллектуалды сұрақ-жауап кезеңі, «Кешкі образ» кешкі көйлек кию үлгісі, «Ерекше идея кезеңі», Анаға алғыс минуты және әлеуметтік жобаны қорғау.
Парасаты мен ақылы, сымбаты мен сәні келіскен ару қыздар өздерінің өнерлерін ортаға салды. Байқау барысында М.Тұрысбек «Мен қазақ қыздарына қайран қалам», «Бақытты әйел» әндерін орындады.
Тартысты өткен байқау қорытындысына сәйкес, «Инабатты ару»,»Сымбатты ару», «Өнерлі ару», «Парасатты ару», «Көрермен көзайымы» номинацияларымен байқауда үздік өнер көрсеткені үшін 5 аруымыз марапатталды. Бас жүлдені Жаңаарық ауылдық округінен Серікбаева Әсел Жомартқызы жеңіп алды. І-орынды Саудакент ауылынан Қошан Жания Бауыржанқызы, ІІ-орынды Абай атындағы орта мектебінің оқушысы Нышан Еркеназ Серікқызы, ІІІ- орынды Досбол ауылынан Жаппар Арина Қуанышқызы иеленді.
Байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.