Ұлттық мектеп лигасы

0

Терең ойды талап ететін ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақ. Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Ойын танымдық, эстетикалық, спорттық, тіпті ғылыми аспектілерге ие.
Апта ішінде Абай атындағы орта мектебінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім баскармасы «Ғылыми тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» ұйымдастыруымен 5-11сынып оқушылары арасында Тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша облыстық «Ұлттық мектеп лигасы» өтті.
Аталмыш сайыстың мақсаты окушыларды шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарыстың ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру басшысының орталығының» басшысының орынбасары Тастанбеков Нұрхан, аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа Тараз қаласы, Жамбыл, Талас, Тұрар Рысқұлов, Байзақ, Меркі, Шу, Қордай, Мойынқұм, Сарысу аудандарынан оқушылар қатысып, бақ сынады.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан диплом және медалдармен марапатталды.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.