ЖАҢА РЕФОРМА — МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ЗАҢ КҮШІ

0

Жаңа жобада адамның негізгі құқықтарын шектеу­ге болмайтын жағдайлар нақты көрсетілген. Төтенше жағдайлар кезінде де азаматтық еркіндіктерді сақтау басты міндет болып табылады. Реформа мемлекеттің өкілеттігі мен азаматтың құқығы арасындағы тепе — теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл норма азаматтардың құқықтық қауіпсіздігін арттырып, мемлекет қызметінің ашықтығын күшейтеді.
Бұл туралы осы аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков Жаңатас көпсалалы колледжінде өткізген кездесуде баяндады.
Жиын барысында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев референдумның құндылықтары мен ел болашағы үшін маңызды қадам екенін айтты.
-15 наурызда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтеді. Конституцияның преамбуласында алғаш рет адамға деген құрмет, жауапкершілік және әділдік қағидаттары негізгі құндылықтар ретінде көрсетіліп отыр. Бұл мемлекеттік саясаттың басты басымдығы – адам, оның құқықтары мен өмір сүру сапасы екенін айқындайды.
Соңғы жылдары мемлекет білімге, ғылымға, инновацияға, ең бастысы – адам капиталын дамытуға айрықша көңіл бөлуде. Жаңа Конституцияның Преамбуласында алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде адамға деген құрмет, жауапкершілік пен әділеттілік қағидаттары қойылып отыр. «Адам – мемлекет үшін емес, мемлекет – адам үшін» деген ұстаным мемлекеттің барлық саясатының өзегіне айналуда.
Мемлекет басшысы атап өткендей, «Әділетті Қазақстан – әр өңірден, әр ауылдан, әр азаматтың өмірінен басталады». Алда үлкен саяси науқан күтіп тұр. Ол еліміздің ертеңіне тікелей байланысты шешімдер болмақ. Барша сарысулықтарды жаңа Конституция жобасын қолдап, ел жаңғыруына өз үлесін қоса береді деп сенемін,-деді.
Еркін форматта өткен мазмұнды жүздесуде әскерге бару мәселесі де сөз болды. Жас ұрпақтың Отан алдындағы борышын өтеуі — азаматтықтың белгісі екені айтылды. Шара концерттік бағдарламамен жалғасып, аудандық мәдениет үйінің әншілері өнерлерін көрсетті.

Камели Сүлейменова, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.