Сарысу ауданы тұрғындарына, референдумдағы өз учаскеңізді қалай білуге болады?

0

Егер 15 наурыз күні азамат өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болатын болса, онда ол 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін өзінің учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігін көрсетуі қажет. Өтініш негізінде есептен шығару куәлігі беріледі. Бұл құжат референдум күні азаматқа нақты орналасқан жері бойынша дауыс беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы өкіл де ала алады, бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Құжат жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және телнұсқасы берілмейді. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беру үшін есептен шығару құжаттары берілмейді.
Референдумдағы өз учаскеңізді қалай білуге болады?
Сарысу ауданының тұрғындары өздерінің қай учаскеге тіркелгенін келесі жолдар арқылы біле алады:
Ресми веб-қызметте: https://e-jambyl.kz/#/
Ресми веб-қызметте: https://sailau.e-zhambyl.kz/
Telegram-дағы чатбот арқылы: https://t.me/sailau_zhambyl_bot
Ақпарат алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет.
Сондай-ақ аудан әкімдігі жанында call-орталық жұмыс істейді.
Call-орталық байланыс нөмірі (жұмыс уақытында): Сарысу ауданы — 8 (72634) 6-18-08
Аудан тұрғындары референдум өткізуге қатысты барлық сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс арналарына жүгіне алады.

Д. Шортанбаев,
Сарысу аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.