Жаңа конституция-мемлекеттің жаңғыру бағыты

0

Осы аптаның сәрсенбісі күні аудандық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалиция мүшелері аудандық «Сарысу» газетінің редакциясында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің, газет ұжымы, аудандық «Мансап» орталығының медиа мамандары және «Сарысу медиа» қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, аудандық коалиция жетекшісі Мұратбек Есмұрзаев және аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Салимова қатысты.
Жиынға қатысушыларды алдағы келе жатқан 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаған Жұмат Жұмабекұлы мен Мұратбек Бұралқыұлы жаңа Конституция жобасының жаңа өзгерістердің ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, Ата заңдағы басты құндылық-адам капиталы екеніне ерекше тоқталып өтті.
Ұсынылған жаңа Конституция жобасы еліміздің ұзақ мерзімді дамуымен сабақтастырыла жазылғанын, тағы бір бағыты тұрақты даму арқылы болашақ бірнеше буынның әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы мен қауіпсіз өмір сүруін қамтамсыз ету екендігін тілге тиек етті.
— Жаңа конституция жобасының мәтіні адам құқықтарына негізделген. Оның ішінде еңбек нарығын реттеуге, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бақытталған. 27 бабында әр адамның еңбек жолын өзі таңдауға құқығы бар екені нақты бекітілген.
Ең маңызы ол адами капиталды дамытуға, білім, ғылым-инновацияға байланысты негізгі стратегиялық бағыт ретінде бұл біздің болашақ жастарға деген үлкен мүмкіндіктер. Оның ішінде білімнің қолжетімділігі, ғылымға, дамуға байланысты мүмкіндіктер беріліп отыр.
Жалпы өңірде Ата Заңның жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Көпшілік жаңа Конституция­да азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктер мен еріктілік қызметті қолдау нормаларының енгізілуі-Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам.
Біз өндірісті өңірде тұрып жатырмыз. Бұл жерде атмосфераға түрлі қалдықтар қатты әсер етеді. Соларды болдырмау үшін алғаш рет Ата Заңда нақты нормалар бекітіліп отыр. Бұл біздер үшін ғана емес, экологиялық қауіпсіздік пен табиғи ресурстарды қорғауға болашақ кепілдігі болады деп ойлаймын,-деді аудандық коалиция жетекшісі Мұратбек Есмұрзаев.

Камели Сүлейменова, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.