Ана-бақыт, ана-өмір, ана-гүл!
Құрметті аналар, аяулы арулар!
Сіздерді жылы шырайлы көктемнің алғашқы күндерінің бірі, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн ізгіліктің, мейірімділік пен әдеміліктің нышаны.
Әйел – ана, өмір бастауы, бірлік пен тірліктің, отбасының шуағы.
Балалар біздің болашағымыз десек, аналарымыз сол жас ұрпақтың бойына адалдық, шыншылдық, адамгершілік, имандылық пен отансүйгіштік деген асыл қасиеттерді дарытып жүр.
Біз бұл күні ауялы аналарымыз, апа-қарындастарымыз, қыздарымызға әлемді мейірім мен мерекеге толтырғаны үшін шынайы ықыласымызды білдіреміз.
Сонау Хауа анамыздан өмірден бастау алатын аналарымыз бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен.
Осындай маржан сөзге тиек болған аналарымыз, қарындастарымыз барлық құрметке лайық.
Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн, жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді.
Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізетін қоғам мүшесі.
Ауданымыздың өнеркәсіптік кәсіпорындарында, қоғамдық ұйымдарында, мекемелерінде, кәсіпкерлікте табысты еңбек етіп, қаланың, ауылдың дамуына әйел азаматтарымыз үлкен үлес қосуда.
Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын.
Жүрегінде мейірім, көңілінде көктем орнаған асыл жанды аналар барда, қоғамымыз серпінді түрде алға баса беретін болады.
Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бірлік пен береке тілеймін.
Әрқашан бақытты да баянды ғұмыр кешіңіздер.
Көктемнің бұл мерекесі Сіздерге молшылығы мен ырысын ала келсін. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ш.Мұсабеков,
аудандық мәслихаттың төрағасы