Референдум бойынша толық ақпарат берілді
Жаңа Конституция – жай ғана заң емес, ол қоғамның бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжат. Бүгінгі ұсынылып отырған жоба азаматтардың құқықтарын нақтылап, әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге бағытталған. Әсіресе отбасы институтын нығайту, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелері айқын көрініс тапқан. Бұл — халықтың ұзақ жылдар бойы көтеріп келген сұраныстарына жауап.
Бұл экономиканың тұрақтылығын және қоғамның дамуын тездетеді.
Азаматтардың ғылыми және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндіктері кеңейтіледі. Мемлекет ғылыми жетістіктерді қоғам мүддесіне пайдаланады.
Апта ішінде аудан әкімі Сәкен Мамытов аудандық мәдениет үйінде жалпыхалықтық референдумды түсіндіру бойынша мәдениет саласының ұжымымен кездесу өткізді. Жиында аудан басшысы жаңа Конституциялық реформаның еліміздің даму стратегиясын айқындайтынын жеткізді.
Сондай-ақ Жаңа Қазақстанды құру жолында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум өткізудің маңыздылығы жөнінде айтты.
Сонымен қатар, жаңа Ата Заңның 40-бабында көрсетілгендей көне жәдігерлерді жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында алдағы референдумның мәні мен маңыздылығы туралы түсіндірілді. Сондай-ақ, кездесуде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың еліміздің жарқын болашағы үшін маңызы зор екені талқыланып, сөз етілді. Жалпы референдум бойынша толық ақпарат берілді.
С. РЫСБЕКҰЛЫ, «Sarysý»