Салт-дәстүр білгірі

0

Балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен қосымша білім беру ұйымдарының педагогтерімен тәрбиеленушілер арасында «Салт-дәстүр білгірі» атты облыстық байқаудың аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, педагогтердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін арттыру, сондай-ақ тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар ұлттық салт-дәстүрге қатысты білімдерін көрсетіп, шығармашылық тапсырмаларды орындады. Әр кезеңде педагогтердің дайындық деңгейі, сахналық мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды меңгеруі бағаланды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, педагогтер тарапынан белсенділік байқалды. Байқау нәтижесінде үздік деп танылған қатысушылар марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.

М. Жанегизова, бұқаралық бөлім меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.