Өнері өрлеген жеңімпаздар

0

Ауданымыздың өнерлі жастары шығармашылық байқауларда өз таланттарын танытып, биік белестерді бағындырып келеді. Тынымсыз еңбек, табандылық пен өнерге деген шынайы сүйіспеншілік әрдайым жарқын жеңістердің бастауы болары сөзсіз.
Тараз қаласында өткен «Жарық жұлдыз» атты Х республикалық байқауға «Айлин» би үйірмесінің оқушылары қатысып, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Байқау барысында жас бишілер жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.
Аталған байқауда өнер көрсеткен оқушыларды байқауға дайындаған үйірме жетекшісі – Елшібаева Ақбота. Жетекшінің кәсіби біліктілігі мен шәкірттеріне деген жанашырлығы шәкірттердің жеңіске жетуіне зор ықпал етті.

М. Жанегизова, бұқаралық бөлім меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.