ЖЕҢІСПЕН ОРАЛҒАН ЖАРҚЫН ЖҰЛДЫЗДАР!
Тараз қаласында өткен Х Республикалық “Жарық жұлдыз” байқауында Ықылас Дүкенұлы атындағы балалар саз мектебінің оқушылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, зор жетістіктермен оралды.
Марат Казыбаевтың жетекшілігімен байқауға қатысқан «Өрлеу» ансамблі – бас жүлдені иеленді.
Домбыра сыныбы бойынша жетістіктер:
Баян Томирис, Асаубаев Дастан мен Сайлауов Алишер дуэті бас жүлдені қоржындарына салса, жеке орындау бойынша Орынтай Мансүр, Кәдірбай Рахымжан мен Қошан Жәния дуэті, Сағындық Айзере мен Құралбек Аружан дуэті I-орындарды, Асаубаев Дастан, Махмут Аяна, Бақыт Ханкелді 2-орындарды қанжығаларына байлады. Ал, Тоғызкент бөлімшесінен: Назымбек Балкерім, Ахмет Кәусар, Бақытжан Ақнұр, Есенгелді Диана I-орын тұғырынан көрінді.
Ән-терме жанры бойынша-Жәнібекқызы Ақдидар, Мамырбек Парасат 1-орынды алып, жетекшілерінің еңбегін ақтады.
Айта кететін қуанышты жаңалық бас жүлдені және I орынды иеленген өнерпаздар Түркия елінде өтетін финалдық кезеңге жолдама алды!
Барша шәкірттерімізді және оларды дайындаған ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, шығармашылық жолдарыңыз жарқын болсын!
Жансая Қыстаубаева,
«Жастар ресурстық орталығы»
КММ-і директорының орынбасары