Кездесу өтті
Жаңа Конституцияда азаматтардың құқығы мен бостандығы сенімді қорғалған және әлеуметтік кепілдіктер жүйесі нығайтылды. Әрбір азаматтың референдумға белсенді қатысуы – бұл елдің тұрақтылығы мен дамуының кепілі.
Аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбековтың төрағалығымен аудандағы үкіметтік емес ұйымдар және этнос өкілдерімен кездесу өтті. Жиын барысында Жұмат Жұмабекұлы жаңа Конституция жобасында Реформа саяси жүйені ашық әрі есеп беретін ететінін және халыққа сенімділікті арттыратынын айтты.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ашық әрі мазмұнды пікір алмасу өтті. Қатысушылар конституциялық реформалар елдің тұрақты дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғанын қолдайтындықтарын жеткізді. Кездесу соңында коалиция мүшелері жиналған қауымға белсенді азаматтық ұстаным танытып, ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.
Ботагөз Макашева, аудан әкімдігі
ішкі саясат бөлімінің бас маманы