Аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларына бағытталған оқыту-семинары өтті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы №1170 Жарлығымен 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум өткізу тағайындалуына орай, Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастырумен Тараз қаласы мен аудандарда ағымдағы жылғы 24 ақпан — 5 наурыз күндері аралығында аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинар өткізілуде.
2026 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумның қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы» 2026 жылғы 12 ақпандағы №6/15 қаулысын орындау аясында, аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларына бағытталған оқыту-семинары өтті. Оқыту-семинарға Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, Сарысу аудандық аумақтық референдум комиссия мүшелері, учаскелік референдум комиссияларының мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық прокуратура өкілі, аудан әкімі аппаратының қаржы шаруашылық бөлімшесінің есепшісі, аудандық полиция бөлімінің өкілі, аудан әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, аумақтық сайлау комиссиялары жанынан құрылған жас сайлаушылар клубтарының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған оқыту-семинары аудандық мәдениет үйінде өтті.
Оқыту-семинардың мақсаты – Республикалық референдум туралы заңнамадағы жаңашылдықтар туралы, сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын түсіндіру және референдумды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру болып табылады.
Оқыту-семинарын Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Т. Жамалов ашып, қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Оқыту-семинарының жоспарына сәйкес, облыстық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Т. Жамалов республикалық референдум ұғымының негізгі аспектілері туралы тоқталып, дәріс оқыды. Сонымен қатар, облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері саяси науқанды әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі жұмыстар мен дауыс беру күні жөнінде дәрістер оқыды.
Оқыту барысында учаскелік референдум комиссияларының мүшелері дәріскерлерге сайлау науқанында орын алатын жағдайлар бойынша бірқатар сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар, оқыту-семинарда учаскелік референдум комиссиялары мүшелерімен кейстік тапсырмалар талқыланды.
Учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінен оқытудың қорытындысы бойынша тест алынып, сертификаттар табысталды.
Сарысу аудандық аумақтық референдум комиссиясы