ЕЛДІКТІ ТУ ЕТКЕН АТА ЗАҢ
Апта ішінде ауданымызға арнайы іссапармен Жамбыл облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалиция мүшелері келді. Коалиция құрамында партия ардагері Қасымхан Төлендиев, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт, «Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Ерғали Әбдуәлі бар.
Коалиция мүшелері аудандық орталық аурухананың қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа реформаның бөлімдері жан — жақты түсіндірілді. Айта кетейік, жаңа Конституция жобасында жеке кәсіпкерлік пен экономикалық белсенділікті қорғау қарастырылған. Мемлекет нарыққа кепілдіктер беріп, инвестицияны қолдайды. Реформа азаматтарға тең мүмкіндіктер жасап, экономикалық дамуды тұрақтандыруға бағытталған.
Азаматтар кәсіпкерлік қызметті еркін жүргізе алады, құқықтары қорғалуы тиіс.
Аталмыш кездесу аудандық «Коворкинг» орталығында жалғасты.
Мұнда коалиция мүшелері — партия ардагері Қасымхан Төлендиев, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт, «Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Ерғали Әбдуәлі саяси науқанда аналар кеңесінің атқаратын рөлі зор екенін айтты. Сонымен қатар, Конституциямызда жазылған 40 бапқа тоқталып, көне тарихи жәдігеріміздің жаңғыруы туралы атап өтті. Кездесу соңында ақжаулықты аналар ақ баталарын беріп, үстіміздегі жылдың 15 наурызында өтетін жалпыұлттық референдумның абыроймен өтуін тіледі.
Жаңа Конституция жобасы зейнетақы жүйесін тұрақтандыруға бағытталған. Қарттар мен еңбек өтілі бар азаматтардың қаржылық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Реформа әлеуметтік қорғауды күшейтіп, халық сенімін арттырады.
Сәулет ЕСҚАРА,
«Sarysý»